Компания туралы
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Мәлімет
«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы болып табылады.
Серіктестік келесі фирмалық атауларының кез келгенін қолданады:
Толық атауы мемлекеттік тілде |
«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; |
Толық атауы орыс тілінде |
Товарищество с ограниченной ответственностью «Магистральный Водовод»; |
Толық атауы ағылшын тілінде |
«Main Waterline» limited liability partnership; |
Қысқартылған атауы мемлекеттік тілде |
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС |
Қысқартылған атауы орыс тілінде |
ТОО «Магистральный Водовод»; |
Қысқартылған атауы ағылшын тілінде |
«Main Waterline» LLP. |
Серіктестіктің орналасқан жері: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі, 12-үй.