Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған орта
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС (әрі қарай – Серіктестік) Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысы бойынша оператор болып табылады және жұмыскерлерінің өмірі мен денсаулығы, сондай-ақ қоршаған ортаға әсерді барынша азайтудың, өндірістік қызметтің нәтижелеріне қарағанда, басым екендігін мойындайды, өз қызметкерлері үшін қолайлы, салауатты және қауіпсіз болып табылатын жұмыс жағдайын құруға тырысады.
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Серіктестік басшылығы:
- Жұмыс орындарда өндірістік жарақаттанушылық пен аурулардың алдын алуға, қауіптер мен тәуекелдерді алдын ала анықтау үшін барлық шараларды қабылдайды;
- Халықаралық стандарттарды ұстанады, Қазақстан Республикасы заңнамасының, Серіктестіктің ішкі құжаттарының еңбек қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптарын сақтайды;
- Серіктестіктің және Серіктестік объектілерінде жұмыс орындайтын мердігерлік ұйымдардың жұмыскерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді;
- Өндірістік қызметтің нәтижелеріне қарағанда, жұмыскердің өмірі мен денсаулығының басымдылығын мойындайды, әр жұмыскердің барынша қауіпсіз жағдайда жұмыс істеуге құқығы бар;
- Жұмыскерлерге, айналасындағы адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдай туындаған кезде жұмысты орындаудан бас тартуға заңды құқығының болатындығына кепілдік береді;
- Жұмыскерлерге қауіпсіз еңбек жағдайларын үйретеді;
- Жұмыс істейтіндерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етеді;
- Серіктестік қызметінен жұмыскерлерге және қоршаған ортаға келтіретін жағымсыз әсерді азайтуға және оның алдын алуға ұмтылады;
- Жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулардан аман болу іс-шараларын әзірлейді және орындалуын қамтамасыз етеді;
- Жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға нұқсан келтіру мүмкіндігімен байланысты жазатайым оқиғалар мен аварияларды болдырмау, тәуекелдерін төмендету бойынша іс-шаралар әзірлейді.
Серіктестіктің негізгі назары авариялық жағдайлар мен авариялардың пайда болуының алдын алуға бағытталған. Авария және/немесе оқыс оқиға туындаған жағдайда, Серіктестік өз персоналының апаттарды жою жоспарына сәйкес салдарларын жою, нұқсанды барынша азайту, олардың пайда болу себептерін анықтау және жою бойынша әрекеттерін есепке алады.
Серіктестік өз қызметінің қоршаған ортаға жағымсыз әсер беруі мүмкін екендігін жете түсінеді, экологиялық балансты сақтау бойынша шаралар кешенін қабылдайды. Қоршаған ортаға әсерді барынша азайтуды тұрақты негізде экологиялық мониторинг бақылап отырады.