Ұйымдар мен ТҰРҒЫНДАРҒА ақпарат

 

 

Магистральдық суағызғылардың санитарлық-эпидемиологиялық сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында санитарлық қорғау аймақтары (СҚА)  белгіленеді.

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес Су құбыры құрылыстарындағы СҚА шекаралары белгіленетін арақашықтықтар:

1) қосалқы және жанасқы сыйымдылықтардан, сүзгіштерден, контакттық жарықтандырғыштардан және сорғы стансасынан – кемінде 30 метр;

2) қалған үй-жайлардан (тұндырғылар, реагенттер шаруашылығы, хлор қоймасы және т.с.) – кемінде 15 метр;

Магистральдық суағызғының желілік бөлігінің СҚА шекаралары санитарлық-қорғау жолағымен қамтамасыз етіледі, оның ені құбыр өсінің екі жағындағы шартты жолақтар түрінде қабылдануға тиіс:

құбырдың диаметрі 200-400 мм болған жағдайда – арақашықтығы кемінде 8 метр;

МС құбырының диаметрі 400-1000 мм болған жағдайда – арақашықтығы кемінде 10 метр;

МС құбырының диаметрі 1000 мм және одан артық болған жағдайда – арақашықтығы кемінде 20 метр;

ыза сулар бар болған жағдайда – әрқашан (құбырдың диаметріне қарамастан) 50 метр.

Ондай аймақтарда тыйым салынады:

1) аймақтың бірінші белдігінің шеңберінде МС пайдалануға нұқсан келтірусіз орналастырылуы мүмкін болатын құрылыстың сумен жабдықтау мұқтаждарымен байланысты құрылыстардан басқа барлық түріне;

2) тұрғынүй және көпшілік ғимараттарын орналастыруға, адамдардың, оның ішінде МС жұмыс істейтіндердің тұруына;

3) МС қызмет ететін құбырлардан басқа түрлі мақсаттағы құбырлар салуға;

4) ақаба суларды жербеті су көздеріне жіберуге, суға түсуге, малды суаруға және бағуға, күзет иттерін және басқа жануарларды ұстауға, кір жууға, балық аулауға, өсімдіктерге улы химикаттар мен тыңайтқыштарды қолдануға;

5) орманды санитарлық мақсаттардан басқа себептерден кесуге;

6) аумақты нәжіспен, қоқыспен, өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтармен ластауға;

7) жанар-жағар май, улы химикаттар мен минералдық тыңайтқыштар қоймаларын, жинағыштар, қоқырсақтағыштар және сумен жабдықтау көздерін химиялық ластауы мүмкін болатын басқа объектілерді орналастыруға;

8) улы химикаттар мен тыңайтқыштар қолдануға;

9) ағынсудан немесе суқоймадан құм мен қиыршықтас өндіруге, сондай-ақ түбін тереңдету жұмыстарына;

10) ені кем дегенде 300 м жағалау жолағында жайылым орналастыруға.