Компания туралы
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС
Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын, 010000, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Тұран даңғылы, 20-үй мекенжайы бойынша орналасқан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы (әрі қарай – Жалғыз қатысушы) болып табылады. Серіктестік мына фирмалық атауларының кез келгенін қолданады: мемлекеттік тілдегі толық атауы «Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, орыс тіліндегі толық атауы Товарищество с ограниченной ответственностью «Магистральный Водовод», ағылшын тіліндегі толық атауы «Main Waterline» limited liability partnership, мемлекеттік тілдегі қысқартылған атауы «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС, орыс тіліндегі қысқартылған атауы ТОО «Магистральный Водовод», ағылшын тіліндегі қысқартылған атауы «Main Waterline» LLP. Серіктестіктің орналасқан жері: 060002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі, 12-үй.
ТолығырақСеріктестер