Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2022 жылғы 08 шілдедегі №63-ОД және Қазақстан Республикасының Экология, геологиясы және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №116-Н бірлескен бұйрығымен «Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2022-2027 жылдарға магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша инвестициялық бағдарламасы бекітілді.

1.1. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы ақпарат

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 21-тармақшасына сәйкес «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілердің орналасқан жері, фото-, видеотүсірілім қоса берілген орындалу кезеңдері, инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалу мерзімдері мен құны) орналастырады, оған мемлекеттік құпияларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты мәліметтер кірмейді.

1.2. Жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер

«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 24-тармақшасына сәйкес «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді орналастырады.

Мұрағат