Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС туралы ақпарат

«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылды, заңды тұлға болып табылады және қызметін Қазақстан Республикасының «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының басқа нормативтік-құқықтық актілерінің және жарғы негізінде және оларға сәйкес жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылып, қызметін жүзеге асыратын «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамы Серіктестіктің құрылтайшысы және жалғыз қатысушысы болып табылады.

Байланыс ақпараты

Серіктестік келесі фирмалық атауларының кез келгенін қолданады:

«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Толық  атауы мемлекеттік тілде

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС

Қысқартылған атауы мемлекеттік тілде

Товарищество с ограниченной ответственностью «Магистральный Водовод»

Толық атауы орыс тілінде

ТОО «Магистральный Водовод»

Қысқартылған атауы орыс тілінде

«Main Waterline» limited liability partnership

Толық атауы ағылшын тілінде

«Main Waterline» LLP

Қысқартылған атауы ағылшын тілінде

Тарихи

ИАстрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының тарихы 1981 жылдан басталады, сол кезде Еділ өзенінен Батыс Қазақстанға суағызғы салу жобасы әзірлене бастады. Суағызғының мақсаты – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас және Теңіз мұнайлы кенорындарының шаруашылықтарын ауыз сумен жабдықтау және мұнайлы қойнауқатты сутоғыту. Бірінші кезегі,«Қиғаш-Құлсары», 1987 жылы іске қосылды. Құрылыстың аяқталуы және суағызғыны қатарға енгізу 1989 жылы болды.

Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының тарихы 1981 жылдан басталады, сол кезде Еділ өзенінен Батыс Қазақстанға суағызғы салу жобасы әзірлене бастады. Суағызғының мақсаты – Өзен, Жетібай, Қаражанбас, Қаламқас және Теңіз мұнайлы кенорындарының шаруашылықтарын ауыз сумен жабдықтау және мұнайлы қойнауқатты сутоғыту. Бірінші кезегі, «Қиғаш-Құлсары», 1987 жылы іске қосылды. Құрылыстың аяқталуы және суағызғыны қатарға енгізу 1989 жылы болды.

Көп жылдарда суағызғы «ҚазТрансОйл» АҚ құрамында қызмет етіеп тұрды. 2017 жылы Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының негізінде «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС құрылды. Жаңа компанияның құрамына атырау қаласындағы басқару аппараты және «Қиғаш» бас су сорғы стансасы, ССС-5, ССС-8, 667-км ССС, «Қаражанбас» ССС су сорғы стансалары және «Құлсары» су тазарту құрылыстары кірді. Содан бес жыл бойы кәсіптік деңгейі жоғары ұйымшыл ұжым тұтынушыларға суды үздіксіз жеткізуді қамтамасыз етуде. Компанияның басшылығы Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының жабдықтарын жаңғырту және өткізу қабілетін артыру бағдарламасын табысты іске асыру үшін көп күш жұмсауда.