Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

Қаржылық есептіліктің дұрыстығын растау үшін «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС тәуелсіз аудиторлық ұйымды жұмысқа тартады.

Қазіргі аудитор:

«Эрнст энд Янг» ЖШС, 050060, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 77/7, «Есентай Тауэр» ғимараты.

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС Байқау кеңесінің 2022 жылғы 30 маусымдағы шешімінің негізінде 2022-2024 жылдарға арналған қаржылық есептілік аудиті қызметтерін көрсетуге «Эрнст энд Янг» ЖШС-мен шарт жасалды.

2019 - 2021 жылдары «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ның қаржылық есептілігіне аудит жүргізу қызметтерін келесі аудиторлық ұйымдар көрсетті:

  • 2019 жыл - «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС;
  • 2020-2021 жылдары - «Эрнст энд Янг Қазақстан» ЖШС.

Қаржылық есептілікке аудит жүргізу қызметтері үшін сыйақы мөлшері: жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес аудиторлық ұйымға төленетін сыйақының мөлшері 162 872 640 теңгені құрайды (ҚҚС ескерумен), оның ішінде 2022, 2023 және 2024 жылдар үшін жыл сайынғы сыйақы мөлшері тиісінше 25 625 600 теңге, 36 170 400 теңге, 37 236 640 теңге.

Жоғарыда көрсетілген шартқа сәйкес сыртқы аудитор көрсететін қаржылық есептілік аудиті бойынша қызметтер мен ілеспе қызметтер тізбесі

  • «ҚазТрансОйл»АҚ-тың шоғырландырылған қаржылық есептілігі мақсаттары үшін 2022 - 2024 жылдар кезеңіндегі әрбір қаржылық жылдың бір аралық кезеңі бойынша жасалған Компанияның аралық есептілік топтамасына аудит жүргізу және «ҚазТрансОйл» АҚ сыртқы аудиторының нұсқауларына сәйкес топішілік есеп дайындау;  
  • топішілік есепті шығару «ҚазТрансОйлдың» аралық шоғырландырылған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу қажет болған жағдайда жүзеге асырылады (Тапсырыс берушімен келісім бойынша);
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың арнайы мақсаттағы шоғырландырылған қаржылық есептілігінің мақсаттары үшін 2022 - 2024 жылдар кезеңіндегі әрбір қаржылық жылдың 01 қаңтары - 31 желтоқсаны аралығы бойынша жасалған Компанияның есептілік топтамасына аудит жүргізу және  «ҚазТрансОйл» АҚ сыртқы аудиторының нұсқауларына сәйкес топішілік есеп дайындау;   
  • «ҚазТрансОйл» АҚ-тың шоғырландырылған қаржылық есептілігі мақсаттары үшін 2022 - 2024 жылдар кезеңіндегі әрбір қаржылық жылдың 01 қаңтары - 31 желтоқсаны аралығы бойынша жасалған Компанияның қаржылық есептілігінің нысандарына аудит жүргізу және «ҚазТрансОйл» АҚ сыртқы аудиторының нұсқауларына сәйкес топішілік есеп дайындау; 
  • компанияның 2022 - 2024 жылдар кезеңіндегі әрбір қаржылық жылдың 01 қаңтары - 31 желтоқсаны аралығы бойынша ХҚЕС-қа сәйкес дайындалған қаржылық есептілігіне аудит жүргізу;
  • 2022 - 2024 жылдар кезеңінде қаржылық есептілікке жылдық аудит жүргізу қорытындылары бойынша басшылыққа құпия есеп ұсыну;
  • «Ілеспе қызметтер» – Аудитор жүзеге асыратын, Қызметтерді тиісінше және сапалы көрсету үшін және Шартта көзделген Шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін қажет қосалқы қызметтер.

СЫРТҚЫ АУДИТОР КӨРСЕТКЕН ӨЗГЕ ДЕ ҚЫЗМЕТТЕР

2019-2023 жылдар ішінде сыртқы аудитор («Эрнст энд Янг» ЖШС) қаржылық есептілік аудитімен байланысты емес өзге де қызметтерді көрсеткен жоқ.