Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдындағы есеп
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында есептер жүргізеді.
Жыл сайынғы есептерді жүргізу қағидаттары табиғи монополия субъектісі қызметінің жариялылығы, транспаренттілігі, сондай-ақ тұтынушылар мен табиғи монополия субъектілері мүдделерінің балансын сақтау болып табылады. Есепте келесі ақпарат болады:
- инвестициялық бағдарламалардың (жобалардың) орындалуы туралы,
- есепті кезеңдегі қызметтің негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштері туралы,
- есепті кезеңде ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің көлемі туралы,
- реттеліп көрсетілетін қызметтерді тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы,
- есепті кезең үшін бекітілген тарифтік сметаның әр бабының орындалуы туралы,
- қызметтің перспективалары (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтердің ықтимал өзгерістері туралы.
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және 2022 жылғы тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есебі
Бекітілген тарифтік сметалардың орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапа және сенімділік көрсеткіштерінің сақталуы және 2023 жылдың 1-жартыжылдығында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы қызмет тиімділігінің көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есеп