Құлсары-Теңіз магистральдық құбыржолы бойынша инвестициялық бағдарлама
«Табиғи монополиялар туралы» 2018 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің 2023 жылғы 20 ақпандағы №13-ОД және Қазақстан Республикасының Экология, геологиясы және табиғат ресурстары министрлігі Су ресурстары комитетінің 2023 жылғы 13 наурыздағы №56-Н бірлескен бұйрығымен «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-тің Құлсары-Теңіз магистральдық құбыржолы арқылы су беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне 2023 жылғы 01 сәуірден 2024 жылғы 31 наурызға дейінгі кезеңге инвестициялық бағдарламасы бекітілді.
1.1. Бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы тоқсан сайынғы ақпарат
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 21-тармақшасына сәйкес «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалу барысы туралы ақпаратты (объектілердің орналасқан жері, фото-, видеотүсірілім қоса берілген орындалу кезеңдері, инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының орындалу мерзімдері мен құны) орналастырады, оған мемлекеттік құпияларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заңмен қорғалатын өзге де құпияға қатысты мәліметтер кірмейді.
Қазіргі кезде инвестициялық бағдарламаны орындау мақсатында тендерлік рәсімдер жүргізіледі, осыған байланысты фото -, видеотүсірілім, орындау мерзімдері және инвестициялық бағдарламалар іс-шараларының құны бойынша ақпарат осы уақытта жоқ.
1.2. Жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептер
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 2-тармағының 24-тармақшасына сәйкес «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызынан және келесі күнтізбелік жылдың 1 мамырынан кешіктірмей бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы есептерді орналастырады.