«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ның өтінімі бойынша жария тыңдаулар өтеді.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифті бекіту шеңберінде 2024 жылғы 25 сәуірде сағат 11: 00-де жария тыңдаулар өткізілетін болады.
Өтетін орны: Атырау қаласы, Қ. Смағұлов көшесі, 12, 3-ші қабат, селекторлық зал.