«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС-ында тұтынушылар алдында есеп беру өткізіледі.
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңына сәйкес «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС 2024 жылғы 26 сәуірде тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдында Серіктестіктің реттеліп көрсетілетін қызметтер бойынша 2023 жылғы жұмысы туралы есеп беру өткізуді жоспарлап отыр.
Өтетін күні: 2024 жылғы 26 сәуір, сағат 16:00-де.
Өтетін орны: Атырау қаласы, Қ. Смағұлов көшесі, 12, 3-ші қабат, селекторлық зал.