Атырау қаласында "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-ның өтінімі бойынша көпшілік тыңдаулар өтті
2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Уәкілетті орган) "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-ның магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифтік реттеудің ынталандыру әдісі қолданылатын тарифті бекіту жөніндегі өтінімін қарау бойынша жария тыңдау өткізді.
Жария тыңдауларға тұтынушылар, Уәкілетті органның, "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-ның өкілдері және мүдделі тұлғалар қатысты. Тыңдаулардың өту барысы Департаменттің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында көрсетілді.
Жария тыңдаулардың барысында тұтынушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Уәкілетті органның, "Магистральдық Суағызғысы" ЖШС-ның өкілдері тиісті түсініктемелер берді.
Жария тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Уәкілетті орган шешімді заңнамада белгіленген мерзімдерде қабылдайтын болады.