Атырау қаласындағы бөгет бекіту жұмыстарына тартылған персонал мен арнайы техника туралы 2024 жылғы 10 сәуірдегі жағдай бойынша ақпарат
"Магистральдық Суағызғысы" ЖШС Орал өзенінде, № 25 учаскедегі үйіндіні қалпына келтіру үшін оның ұзындығын «Бугорки» бау-бақша серіктестігінің ауданында 665 метрге дейін ұлғайтты. Учаске үш бөлікке бөлінді.
Мердігерлердің жұмысқа тартылған техникасы: "Ренко-КАТ" ЖШС - 2 самосвал, 1 фронтальды тиегіш. "МЭМН" ЖШС - 2 самосвал, 1 фронтальды тиегіш. Жұмыстар таңертеңгі сағат 8-ден кешкі сағат 20-ға дейін режимімен жүгізілуде. Арнайы техниканың жалпы саны: 4 самосвал, 2 фронтальды тиегіш. Жұмыстар жүргізіліп жатқан жерде медициналық колледждің волонтерлері жұмыс істеуде.
10 сәуір күнгі сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 50 метр үйілді, 80 рейс жасалды. Волонтерлар топырақ толтырылған 1000 дана қап дайындады, қосымша топырақ жеткізді.
6 сәуірден бері атқарылған жұмыстардың жалпы көлемі - 450 метр үйілді, 390 рейс жасалды. Топырақ толтырылған қаптардың жалпы саны - 2000 дана. Бұрыннан бар үйінді 0,6 метрге көтеріліп, жұмыс істеп жатқан арнайы техникамен тығыздалды. Үйінді үстімен көлік жүруіне болады. Үйіндіні бойлай қосымша топырақ көлемі дайындалды.
Бұрыннан бар үйіндінің шамамен 215 метрін қалпына келтіру қажет етілмейді. Геодезист пен әкімдіктің өкілі растады. Техникалық қадағалау өкілінің жұмыс сапасына қатысты наразылықтары жоқ.
Жұмыстар жүргізіліп жатқан жерде Серіктестіктің ӘБП ИТЖ құрамының ауысымдық жауапты персоналы жұмыс істеуде.
Жасалған үйіндінің биіктігін өлшеу үшін - геодезистер, сондай-ақ жұмыстардың сапасын қабылдау үшін - техникалық қадағалау өкілі 2024 жылғы 11 сәуірде келеді деп күтілуде.