Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

2024 жылғы 02 мамырда Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі-Уәкілетті орган) магистральдық құбырлар арқылы су беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметке тарифті ынталандырушы тарифтік реттеу әдісімен тарифті бекітуге «Магистральдық су құбыры» ЖШС өтінімін қарау бойынша көпшілік тыңдаулар өткізді.

Көпшілік тыңдауларға тұтынушылар, уәкілетті органның өкілдері, «Магистральдық су құбыры» ЖШС және мүдделі тұлғалар қатысты. Тыңдау барысы Департаменттің "Facebook" әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында көрсетілді.

Көпшілік тыңдауды өткізу барысында тұтынушылар өздеріне керекті сұрақтар қойды. Уәкілетті органдардың, «Магистральдық су құбыры» ЖШС өкілдері берілген сұрақтарға тиісті түсініктемелер берді.

Көпшілік тыңдауларға қатысушылардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, уәкілетті орган шешімді заңнамада белгіленген мерзімде қабылдайтын болды.