Горячая линия
АО «Самрук-Қазына»

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС(«ҚазТрансОйл» АҚ қатысу үлесі100%) 2025 жылғы 01 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ берген облигациялық қарыз бойынша өз міндеттемелерін орындау шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының дағдарысқа қарсы қаражаты есебінен борышты 2 млрд. 941 млн. 177 мың теңге мөлшерінде алғашқы өтеуді сәтті жүзеге асырды.

Бұл «Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысын қайта құру және кеңейту, 1-кезек» ауқымды инвестициялық жобасын іске асыру аясындағы негізгі нәтижелердің бірі болды.

Қазіргі уақытта облигациялардың 2 млн. 941 мың 177 данасын кері сатып алу мәмілесінің нәтижесінде айналымда «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС 67 млн. 058 мың 823 облигациясы бар.

2023 жылғы желтоқсанда «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Астрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысын қайта құру және кеңейту, 1-кезек» инвестициялық жобасын іске асыруды аяқтады. Объектіні іске қосу жоспарланған мерзімде жүргізілді және қазіргі уақытта ол штаттық режимде жұмыс істеп,сумен сенімді жабдықтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақҚазақстан Республикасының батыс өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосуда.

Осылайша, «Магистральдық Суағызғысы» ЖШСмемлекеттік маңызы бар инфрақұрылымдық бастамаларды іске асыруда өзінің жауаптылықтың, ашықтықтың және тиімділіктің жоғары стандарттарына бейілділігін растап отыр.

Анықтама ретінде:

2022 жылғы 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен жобаны іске асыруға «Самұрық-Қазына» АҚ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 70 млрд.теңге мөлшерінде дағдарысқа қарсы қаражат бөлінді. Серіктестік бұл қаражатты «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-тан облигациялық қарыз түрінде тартты.«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өз кезегінде жобаны қаржыландыру үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-тан осындай облигациялық қарыз тартты.

«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесіне «ҚазТрансОйл» АҚ ие. «Магистральдық Суағызғысы» ЖШСАстрахань-Маңғышлақ магистральдық суағызғысының меншік иесі болып табылады.

«ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобына кіретін Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық оператор. Ұзындығы 5,2 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісін иеленеді және бөгде ұйымдардың жалпы ұзындығы 5 мың км астам құбырларына қызмет көрсету бойынша операторлық қызметтер көрсетеді.