Қара және түсті металдардың сынықтарын сату бойынша тендер өткізу туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 12 мекенжайы бойынша орналасқан «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС қара және түсті металдардың сынықтарын сату бойынша тендер өткізілетіні туралы хабарлайды.
Өткізілетін мүліктің тізбесі, спецификациясы, көлемі, орналасқан жері, мерзімдері мен шарттары тендерлік құжаттамада қамтылады.
Тендерге қатысу үшін кепілдік жарна бастапқы бағаның 5% құрайды, кепілдік жарна сомасы тендерлік құжаттамаға №1 қосымшада көрсетілген, кепілдік жарнаны берудің соңғы мерзімі 2024.27.02 сағат 10.00 дейін.
Сатушының банктік деректемелері «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС, 0600002, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 12, БСН 171240027113, ЖСК: KZ626010141000042043 «Қазақстан Халық банкі» АҚ, БСК: HSBKKZKX, КБЕ 17.
Тендерлік құжаттаманың көшірмесін 2024.26.02 дейінгі мерзімде алуға болады, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 12, каб. 211 сағат 10.00 бастап 17.00 сағатына дейін мекенжайы бойынша немесе «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС веб-сайтында https://mwl.kz/ «Сатып алу – басқа хабарландырулар» бөлімінде.
Тендерлік құжаттаманың көшірмесін қолма-қол алу үшін әлеуетті сатып алушылардың өкілдері тендерлік құжаттаманың көшірмесін және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін алуға тиісті түрде ресімделген өкілеттіктерді құжаттамалық растауды ұсынуға міндетті.
Конверттерге мөрленген тендерлік ұсыныстарды әлеуетті сатып алушылар Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 12, каб. 211 мекенжайы бойынша («Р.Е. Давлетов үшін» белгісімен) «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС мекенжайына ұсынады (жібереді).
Әлеуетті сатып алушылар не олардың уәкілетті өкілдері тендерлік ұсыныстары бар конверттерді қолма-қол ұсынған кезде әлеуетті сатып алушылар не олардың уәкілетті өкілдері әлеуетті сатып алушының мүдделерін білдіретін тұлғаларға тендерге қатысуға тендерлік ұсыныс беру құқығына сенімхат және жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін ұсынуға тиіс.
Тендерге қатысуға тендерлік ұсыныстары бар конверттерді ұсынудың соңғы мерзімі 2024.27.02 сағат 10:00-ге дейін.
Тендерге қатысуға арналған тендерлік ұсыныстары бар конверттер 2024.27.02 сағат 11:00 ашылады, мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Смағұлов көшесі, 12, конференц-зал, 3 қабат.
Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7122) 762-999/вн.943 немесе электрондық пошта мекенжайына сұраныс жіберу арқылы: davletov.r@mwl.kz.